Share This Article
Олжас Бектенов ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұжымына Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған ведомствоның жаңа басшысы Жаслан Мәдиевті таныстырды, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Олжас Бектенов жаңа министрге ведомство алдында тұрған маңызды міндеттерді белгіледі.
“ЦДИАӨМ-ге жасанды интеллект технологияларын кеңінен қолдану, ІТ-қызметтердің экспортын ұлғайту мақсатында табысты стартаптарды дайындау үшін қолайлы орта құру жұмысын жалғастыру, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейту тапсырылды”, – делінген хабарламада.