Share This Article
Батыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар бір жол жабылды, — деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі «ҚазАвтоЖол»-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты Батыс Қазақстан облысының «Чапаев-Жалпақтал-Қазталов-РФ шек.» республикалық маңызы бар автожолының 145-201-шақырымы, Жалпақтал а. -Қазталов а. арасында көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді», — делінген хабарламада.
Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 239 бірлік техника және 360 жолшы жұмылдырылды.
