Share This Article
“Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы” Үкіметтің 2024 жылғы 20 мамырдағы қаулысы қабылданды, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Атап айтқанда, мыналар құрылды:
- “Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаменті Алатау қаласының полиция бөлімі” мемлекеттік мекемесі;
- “Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Үлкен Нарын ауданының полиция бөлімі” мемлекеттік мекемесі;
- “Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Марқакөл ауданының полиция бөлімі” мемлекеттік мекемесі;
- “Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Абай облысының полиция департаментінің Мақаншы ауданының полиция бөлімі” мемлекеттік мекемесі;
- “Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Абай облысының полиция департаментінің Жаңасемей ауданының полиция бөлімі” мемлекеттік мекемесі;
- “Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Абай ауданының Полиция департаментінің емханасы бар госпиталь” мемлекеттік мекемесі.
- Жоғарыда аталған мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігін ұстауға және жергілікті бюджетке көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылатыны анықталды.