Share This Article
Қазақстан Үкіметі «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулы қабылдады, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
“Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес, офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2024 жылы жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылсын”, – делінген Қаулыда.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.