Share This Article
Қазақстан бойынша электронды лездік лотереяларды сататын дүңгіршектердің жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Ведомство бұл дүңгіршектерге қатысты қазақстандықтар мен мемлекеттік органдарға шағымдар жиі түсетінін түсіндірді.
“Сондықтан, Туризм және спорт министрлігі 2023 жылы екі рет – мамыр және қараша айларында лотерея операторы – “Сәтті Жұлдыз” АҚ-на лотерея клубтарының жұмысын және электронды лездік лотереяны ұйымдастыруды жақсарту бойынша ұсынымдар жіберді”, – деп жазылған хабарламада.
Министрліктің 2024 жылғы 20 қаңтардағы соңғы ұсынымдарына сәйкес лотерея операторы 2024 жылғы 30 қаңтардан бастап республика бойынша Lotomatic терминалдары/дүңгіршектер арқылы электронды лездік лотереяны таратуды уақытша тоқтатты.