Share This Article
Туризм және спорт министрлігі Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізіміне қосымша дайындады, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне тағы бір мереке күні енгізілген:
23 сәуір – Ұлттық кітап күні.
Түсіндірілгендей, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үшінші Ұлттық Құрылтайдың негізгі сессиясында қоғамда жоғары кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында берген тапсырмасына байланысты жаңа мереке күні енгізілуде.
Құжат 22 мамырға дейін қоғамдық талқылау үшін “Ашық НҚА” сайтында орналастырылған.