Share This Article
Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын жариялады, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Демалыс күндері Қазақстан бойынша синоптикалық жағдай орталығы Скандинавияның солтүстігінде орналасқан Атлантикалық циклонға байланысты болады. Елдің басым бөлігінде бұлт басып, әр түрлі фазаларда жауын-шашын жауады, екпінді жел соғады, көктайғақ болады.
Тек оңтүстік өңірлер әлі де антициклонның қорғауында, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз сақталады. Атлант циклоны республиканың барлық дерлік аумағында температураның біртіндеп көтерілуіне себепші болады.