Share This Article
Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда қанша бала бар екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Ресми мәліметке сүйенсек, елімізде 0-17 жас аралығындағы 6 841 527 бала бар.
“Оның ішінде 3,5 миллионы – ұл, 3,3 миллионы – қыз бала. Балалардың 59,7 пайызы қалалық жерде тұрады”, – деп жазылған Ұлттық статистика бюросы мәліметінде.
18 жасқа дейінгі балалардың үлесі 34,1 пайыз болады. Өңірлер арасында халық санындағы балалардың ең жоғары үлес салмағы Түркістан облысында, яғни 43,3 пайызы – 18 жасқа дейінгі балалар, одан кейін Маңғыстау облысы (41,9 пайыз) және Шымкент қаласы (40,6 пайыз).
Өңірлер арасындағы 18 жасқа дейінгі балалар саны:
- Абай облысы – 188 321
- Ақмола облысы – 223 493
- Ақтөбе облысы – 330 877
- Алматы облысы – 556 114
- Атырау облысы – 274 688
- БҚО – 217 427
- Жамбыл облысы – 465 492
- Жетісу облысы – 245 056
- Қарағанды облысы – 317 101
- Қостанай облысы – 06 584
- Қызылорда облысы – 335 399
- Маңғыстау облысы – 329 613
- Павлодар облысы – 205 030
- СҚО – 126 424
- Түркістан облысы 927 107
- Ұлытау облысы 75 506
- ШҚО -182 714
- Астана – 472 070
- Алматы – 665 430
- Шымкент – 497 081