Share This Article
Былтыр желтоқсанда Қазақстанда жаңа «Сақ стилі» сериясының бес мың банкноты айналысқа шықты. Ұлттық банк мәліметінше, осы сериядағы банкноттардың барлық номиналын кезең-кезеңімен шығару жоспарланған, — деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
«2024 жылдың жазында номиналы 10 000 теңгелік банкнот шығару жоспарланған. Жалпы осы серия аясында 2025 жылдың аяғына дейін банкноттардың барлық номиналын айналымға кезең-кезеңімен шығару жоспарланған. 500 теңгеден басталып, номиналы 20 000 теңгелік банкнотпен аяқталатын жаңа серия», — делінген Ұлттық банк Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында.
Жаңа дизайндағы банкноттар айналымға шыққаннан кейін бұрынғы дизайндағы банкноттар айналымнан кезең-кезеңімен шығарылады.
Параллель айналыс кезеңі аяқталғаннан кейін барлық банктер мен «Қазпошта» ескі банкноттарды тағы 3 жылға жаңасына ауыстырады. Осы кезеңнен кейін Ұлттық банк филиалдары ескі үлгідегі банкноттарды шектеусіз айырбастауды жалғастырады.
