Share This Article
Сауда және интеграция министрлігі бірыңғай сағат белдеуіне көшу туралы шешім қабылдады, — деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Министрлік мәліметінше, «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілген.
«Өзгерістерге сәйкес, 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі орнатылады. Осылайша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына 5-ші уақыт белдеуі (UTC+5) қолданылады», — делінген хабарлдамада.
Қаулы ресми түрде жарияланып, 2024 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

