Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльзге жеделхат жолдады, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльздің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіріп, жеделхат жолдады", - делінген хабарламада
Үкімет құрамы толық жасақталды. Бірер министр ауысқаны болмаса, Әлихан Смайыловтың кезіндегі басшылардың дені лауазымын сақтап қалды, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Кімдер орнын сақтап қалды
Роман Скляр үкімет басшысының бірінші орынбасары, ал Тамара Дүйсенова, Серік Жұманғарин да орынбасар лауазымында қалды. Екеуі де алдыңғы премьердің кезінде жұмыс істеген.
Сонымен бірге, Мұрат Нұртілеу премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі,…
Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
"2024 жылғы 6 ақпанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына бекітілді", - делінген хабарламада.
Олжас Бектеновтің кандидатурасын парламенттік партиялар фракцияларымен кеңескеннен кейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліске ұсынды.
Палата 6 ақпандағы отырысында кандидатураны қолдады.
Тоқаев Парламенттегі партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесу өткізді.
Кездесуде Президент Конституцияның 44-бабына сәйкес Премьер-Министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасы жөнінде фракция басшыларымен кеңесуге тиіс екенін айтты.
Талқылауға Amanat партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі…
Amanat фракциясы ҚР премьер-министрі лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Былтыр Бектенов Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Антикор басшысы қызметін атқарып келген.
6 ақпанға қараған түні сағат 03:00 шамасында Семейдегі ең ірі "Акшын" киім базарында өрт шықты, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Өртсөндірушілер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Арнайы техниканың кедергісіз өтуі үшін қала орталығындағы бірқатар көшелер қоршауға алынды.
"Полиция қызметкерлері периметрде арнайы техниканың өтуін қамтамасыз ету, басқа да оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік пен құқық…
Шымкент әкімі Ғабит Сапарбеков "арамызда сатқындар бар" деген мәлімдеме жасағаннан кейін Антикор қызметкерлері залға кіріп келіп, тұрғын үй басқармасының басшысы Азат Момыновты ұстайды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің тарапынан қалалық басқармалардың бірінде басшы лауазымдағы азаматтың іс-әрекеттері күдік тудырғаны анықталған. Осыған орай, әкімдіктің бүгінгі аппараттық мәжілісі үстінде аталған азаматты тергеу жұмыстары…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Бүгін сағат 15:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттардың келісімін алу үшін жаңа премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады", - делінген хабарламада.
Алматыда үшінші теміржол вокзалының құрылысы басталады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Қалалық әкімдік мәліметінше, бұл жоба бұрын жарияланған бірқатар құжатта, соның ішінде Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына енгізілген.
Алатау ауданындағы Алматы-3 вокзалының құрылысы агломерацияны дамыту жөніндегі жобалар кешеніне кіреді. Жаңа теміржол платформасы жүк және жолаушылар легінің бір бөлігін қайта бағдарлауға, сонымен қатар, айналымға қосымша…
Роман Скляр премьер-министр міндетін уақытша атқарады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Бұл туралы Президенттің қаулысында айтылған.
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін», – делінген қаулыда.
Роман Скляр премьер-министр міндетін уақытша атқарады, — деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Бұл туралы Президенттің қаулысында айтылған.
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін», – делінген қаулыда.

