"Дикий Арманға" қатысы бар қылмыстық топ мүшелері ұсталды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Өткен жылдан бері ел аумағында ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деп күдіктелген ұйымдасқан қылмыстық топтардың 19 көшбасшысы мен белсенді мүшеcі ұсталды.
7 ақпанда Алматы және Шымкент қалаларының аумағында ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері ұзақ уақыт бойы қылмыстық қудалау органдарынан…
Подробнее
Қайрат Сатыбалдыұлы мемлекетке 44,6 миллиард теңге қайтарды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекетке 2024 жылдың басынан бастап қосымша 44,6 млрд теңге қайтарылды.
Қазіргі уақытта қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебінен республикалық бюджетке жіберілді.
Подробнее
Тоқаев Әзербайжан президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Қазақстан мен Әзербайжан президенттері телефон арқылы сөйлесті Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзербайжан Республикасының Президенті лауазымына кезектен тыс өткен сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады.
Мемлекет басшысы сайлаудағы дауыс беру қорытындысы Ильхам Әлиевтің Әзербайжанды одан әрі нығайтуға, елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз етуге және мемлекеттің халықаралық аренадағы беделін…
Подробнее
8 ақпанда Медеу ауданының "Тау Самалы" шағын ауданындағы Олимпийская көшесі бойында техногендік сипаттағы топырақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні болған, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Техногендік сипаттағы топырақтың ылғалдануынан, көлемі 3200 текше метр болатын жылжыма түсті. Екі жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келген.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде төрт адам, оның ішінде екі…
Подробнее
Президент Үкіметке салықты жайдан жай көбейте салуға болмайтынын ескертті, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Мемлекет басшысы Үкіметтің алдында ұлттық экономиканы сапалы әрі қарқынды дамыту деген өте маңызды міндеті тұрғанын еске салды.
«Табыс пен мүлікке салық салудың жаңа жүйесін енгізбесек, кәсіпкерлерді табысын қалтаға баспай, бизнесін дамыту үшін жұмсауға ынталандырмасақ, арнайы салық режимдерін өзгертпесек, бұл міндетті орындай…
Подробнее
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында жобалардың іске асырылуын қадағалайтын тиімді мониторинг жүйесін іске қосу керегін айтып, бұған қатысты әрбір министр мен әкімнің жұмысына баға берілетінін айтты, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
"Инвесторларға, мысалы, 50 миллион доллардан көп қаржы салуға дайын ірі компанияларға "бір терезе" қағидасымен жан-жақты қолдау көрсеткен жөн. Сонымен қатар, жобалардың іске…
Подробнее
Қазақстан бойынша электронды лездік лотереяларды сататын дүңгіршектердің жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Ведомство бұл дүңгіршектерге қатысты қазақстандықтар мен мемлекеттік органдарға шағымдар жиі түсетінін түсіндірді.
"Сондықтан, Туризм және спорт министрлігі 2023 жылы екі рет – мамыр және қараша айларында лотерея операторы – "Сәтті Жұлдыз" АҚ-на…
Подробнее
Семейде сауда орталығы өртеніп, екі мың саудагердің тауары жанып кетті, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
КТК телеарнасының мәліметінше, өрт сөндірушілер тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтай алмаған. Соның салдарынан екі мыңнан астам саудагердің тауары түгі қалмай күлге айналды.
Шаш етектен шығынға батқан жұрт өтемақыны кімнен талап етеміз деп абдырап отыр. Ал жергілікті билік олардың банктен алған несие төлемін…
Подробнее
Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықпен жаппай күресуге тапсырма берді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
"Тағы бір өзекті мәселе - сыбайлас жемқорлық. Бұл - құрылыс саласын ғана емес, жалпы экономиканы дамытуға тосқауыл болатын фактор. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаппай күресу қажет. Мен бұл туралы үнемі айтып жүрмін. Осы бағытта біраз жұмыс жасалды, нәтиже де бар.…
Подробнее
2024 жылғы 7 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтті, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Ақорда мәліметінше, бұл шарада еліміздің 2023 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады.
"Бүгін біз былтыр атқарылған жұмысты қорытындылаймыз. Сондай-ақ алдағы кезеңнің басты міндеттеріне тоқталуымыз керек. Жалпы, өткен жылы экономикамыз 5,1…
Подробнее
2024 жылғы 7 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтті, — деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Ақорда мәліметінше, бұл шарада еліміздің 2023 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады.
«Бүгін біз былтыр атқарылған жұмысты қорытындылаймыз. Сондай-ақ алдағы кезеңнің басты міндеттеріне тоқталуымыз керек. Жалпы, өткен жылы экономикамыз 5,1 пайызға өсті. Ең бастысы, еліміздің даму қарқыны бәсеңдеген жоқ. Алдыңғы Үкімет осы бағытта біраз жұмыс істеді. Кеше мен бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа алғысымды білдірдім. Бірақ қазір жайбарақат отыруға болмайды, себебі алдымызда ауқымды жұмыс тұр. Сондықтан Үкіметтің жұмысына жаңа серпін беру қажет.
Негізгі мақсат – баршаңызға белгілі. Біз 2029 жылға қарай экономикамыздың көлемін 450 миллиард долларға жеткізуіміз керек. Яғни, нақты меже бар. Енді тек жұмыс істеу қажет. Бұл – еліміздің жалпы ішкі өнімі жыл сайын кемінде 6 пайызға өсуі керек деген сөз.
Сондай-ақ, макроэкономикалық көрсеткіштермен қатар халықтың нақты табысы да қарқынды түрде артуы керек. Бұл – өте маңызды міндет. Бір сөзбен айтқанда, бізге шын мәнінде сапалы даму қажет. Сондықтан әрбір қадамды жан-жақты, мұқият ойластырып, батыл әрекет ету керек», — деді Тоқаев.