ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Биылғы 2-4 шілде күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 140 балл жинаған Жаннұр Еңсебекті құттықтап, ата-анасына алғыс білдірді. Сондай-ақ түлекті дайындаған ұстаздардың рөліне де тоқталып өтті, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
"Жаннұрдың ҰБТ-да жоғары көрсеткіш көрсетуі – бұл еңбекқорлықтың, шыдамдылық пен ынтаның нәтижесі. Бұл ретте ата-ананың қолдауы, қамқорлығы мен балаға деген сенімін де айта кету керек.…
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл барысы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Есірткіге қарсы айлық кезінде 5414 іс-шара өткізілген, оның ішінде 310 акция, 103 семинар, 427 дәріс және 359 кездесу, 113 дөңгелек үстел, 432 спорттық жарыс және турнир, 150 профилактикалық сипаттағы конкурстар бар.
"Оның 994-і нарколог-дәрігерлердің, 894-і еріктілердің, 215-і жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, 425-і үкіметтік…
8-12 маусым аралығында Жаңаөзен қаласы Рахмет Өтесінов атындағы дене шынықтыру сауықтыру кешенінде бокстан спорт ардагері, жаттықтырушы Ақылбек Теміровты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Дүбірлі додаға Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттері мен еліміздің барлық өңірінен 300-ге жуық спортшы қатысты. Олар бес күн бойы өзара мықтыны анықтады.
Жарыстың ашылу салтанатына…
Елордада Алматы ауданын екіге бөліп алтыншы әкімшілік ауданды құру жұмысы қолға алынған сәттен бастап түрлі ұсыныстар түсті, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Бұл туралы Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Басқарма басшысының айтуынша, зиялы қауым өкілдерімен, тарихшы ғалымдармен және қоғам қайраткерлерімен алтыншы…
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Отырыс 14 маусымда өтеді.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 14 маусымда сағат 09.30-да Астана қаласында шақырылсын", деп жазылған өкім мәтінінде.
Соңғы отырыстардың бірі 2024…
Қазақстан-Корея бизнес форумы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев BNK Financial Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Бин Дэ-Инмен кездесті, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Мемлекет басшысы компанияның өз иелігіндегі BNK Finance Kazakhstan микроқаржы ұйымын толыққанды екінші деңгейлі банкке айналдыру ниетін құптады. Оның пікірінше, Оңтүстік Кореядағы жетекші банктің Қазақстанда қызмет етуі екі ел арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді,…
Қазақ әскерінің элиталы өкілдерін дайындайтын «Арыстан» мамандандырылған лицейі биыл өз түлектерінің жетінші буынын қанаттандырды. Аталмыш оқу ошағынан түлеп ұшқан шәкірттер қоғам қауіпсіздігі мен ел тыныштығы жолында абыройлы қызмет етіп келеді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
«Арыстан» мамандандырылған лицейі мемлекетіміздің білім беру ісіндегі жаңалықтардың бірі болып табылатын ерекше оқу жобасы. Ол 2011 жылы "NNEF" Қоғамдық қорының…
2024 жылғы 6 маусымда Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі сатып алуға ұсынылмайтын қалалық тұрғын үй кешендерінің (ТҮК) жаңартылған тізімін ұсынды, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда тізім 45 тұрғын үй кешенінен тұрады.
"Тізім құрылысқа рұқсат құжаты толық емес немесе жобадан ауытқыған және басқа да бұзушылықтармен салынған бірқатар ТҮК-мен толықты".
Айта кететін…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев XVI Карл Густавты Швеция Корольдігінің Ұлттық күнімен құттықтады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Бұл туралы 6 маусымда Ақорда мәлімдеді.
"Біз Швециямен арадағы қалыптасқан серіктестік қатынастарды жоғары бағалаймыз әрі достас екі елдің игілігі жолындағы байланыстарды тереңдетуге ниеттіміз. Осынау айтулы мереке күні Сізге бақ-береке тілеймін және Швеция халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдіремін", – деп…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев XVI Карл Густавты Швеция Корольдігінің Ұлттық күнімен құттықтады, — деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Бұл туралы 6 маусымда Ақорда мәлімдеді.
«Біз Швециямен арадағы қалыптасқан серіктестік қатынастарды жоғары бағалаймыз әрі достас екі елдің игілігі жолындағы байланыстарды тереңдетуге ниеттіміз. Осынау айтулы мереке күні Сізге бақ-береке тілеймін және Швеция халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдіремін», – деп жазылған жеделхатта.

