Share This Article
2024 жылдың 13 ақпанында астаналық сот экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына, оның жұбайы Налия Ысқақоваға және адвокат Мұстахим Төлеевке қатысты алаяқтық және сыбайлас жемқорлық ісі бойынша сот үкімін шығарды, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
«Сот үкімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы аса ірі мөлшерде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, Қылмыстық кодекстің 58-бабының 3 және 6-бөліктері негізінде, 20.06.2023 жылғы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен тағайындалған қатаң жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салына отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды», – делінген сот үкімінде.
Налия Ысқақова пара алу бойынша медиация (ҚК 368-бабының 1-бөлігі) бойынша кінәлі деп танылып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салумен 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Мұстахим Төлеев Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің (2-тармағы) аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. 10 жыл мерзімге адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.