Share This Article
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында үш адамға қасқыр шапты. Аудан әкімдігі тұрғындарға ескерту жасады, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Желіде тараған ақпарат бойынша, Қарқаралы қаласында таңғы алты шамасында үш адамға қасқыр шапқан. Ауруханаға үш адам жүгінген. Тұрғындарға қажет ем-шара жасалып, амбулаторлық емделуге жіберілген.
“Мәселе Қарқаралы ауданы әкімінің тікелей бақылауында. Аудандық ведомствоаралық топ құрылып, оның құрамына аудандық полиция, ветеринариялық қызмет, төтенше жағдай саласы мамандары кірді. Қазір қасқырды қала бойынша іздестіру шаралары кең көлемде жүргізіліп жатыр. Орта мектеп, білім ұйымдарында арнайы қауіпсіздік посттары қойылды”, – делінген хабарламада.