Share This Article
Алматыда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жаңа велосипед жолағы пайда болды, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Жаңа велосипед жолағы Манас көшесінің батыс жағынан Сәтбаев көшесінен Абай даңғылына дейін жасалған. Сондай-ақ, Манас көшесі бойымен Шевченко көшесінен Абай даңғылына дейін ені 3 метр және ұзындығы 400 метрге жуық велосипед жолы салынды, көше бойында тұрақ орындары ұйымдастырылды.
Осылайша Шевченко мен Сәтбаев көшелерінде орналасқан велосипед жолақтары өзара байланысты.
Жаңа велосипед жолағын жайластыру велосипедшілердің оқшауланған велосипед жолақтарымен қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге және жол қозғалысында келеңсіз жағдайларды болдырмауға мүмкіндік береді.