Share This Article
26 қарашада Алматыда «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы «Хайуандар әлеміне жоқ, де» деген митинг өткізді, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Митинг Алматыда, кинотеатр артындағы саябақта өтті. Қатысушылар отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы ұрандар жазылған плакаттармен шықты. Акцияны “Жаңа адамдар” қоғамдық қозғалысы ұйымдастырған. Оған 200-ге жуық адам – осы қозғалыстың мүшелері саналатын жастар мен студенттер қатысты.
Жиналғандар бұл акциямен әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне қарсы күреске назар аудартқысы келетінін айтты.
Жиынға жуырда ғана Астанада қайтыс болған Салтанат Нүкенованың туыстары да қатысты. Алматыға митингке марқұмның ағасы Айтбек Амангелді келген. Ол сөз сөйледі.