Share This Article
Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адам қаза тапты, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
“2023 жылғы 30 қарашада Әди Шәріпов көшесіндегі өрттен зардап шеккен үш адам сағат 08:40-қа дейін жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді”, – делінген хабарламада.
Ресми деректер бойынша, өрт орнынан 59 адам эвакуацияланған.
“Қазір 56 адам жақын маңдағы мектепкк уақытша орналастырылды. Ыстық тамақ берілді, қажетті медициналық және психологиялық көмек толық көлемде көрсетіледі. Бір сағат ішінде ауданның қонақ үйлеріне орналастырылады”.
Барлық зардап шеккен адамға толық көлемде қажетті медициналық көмек, соның ішінде психологиялық көмек көрсетілетіні айтылған.
Өрт орнына 7 жедел медициналық қызмет бригадасы жұмылдырылды.