Share This Article
Қонаев қаласында Алматы облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасына қарасты Алматы облысы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты мен Алматы облысы әкімінің «Заңғар» жастар сыйлығын салтанатты тапсыру рәсімі өтті, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Шараның мақсаты жас буынның әлеуетін арттырып, Алматы облысында үздік жобаларға қолдау көрсету. Алматы облысы әкімінің «Заңғар» жастар сыйлығы жастар саясатында белсенділік танытып, түрлі салада өзге жастарға үлгі боларлық нәтиже көрсетіп жүрген 14 пен 35 жас аралығындағы облыс жастарын ынталандыру 2022 жылдан бастау алып, биыл да жалғасын тапты.
Ал «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты негізінде республикалық деңгейде мәдениет, ғылым, бизнес, медиа, IT саласындағы жастар бастамаларын қолдау мақсатында 2021 жылдан бастап тағайындалған болатын.
2023 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына 70-ке жуық өтінім тіркеліп, бүгінде 10 жас грант иегері атанды. Грант иелеріне 3 миллион теңге көлемінде грант тағайындалды. Ал «Заңғар» жастар сыйлығына 160-қа жуық қатысушы өтінім берді. «Заңғар» жастар сыйлығы бойынша жеңімпаздарға 300 000 теңге берілді.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері төмендегідей бағыттар бойынша марапатталды:
- «Медиа» бағыты бойынша
- Сабырова Анар Сабырқызы
- (Буллинг, зорлық зомбылықтың алдын алуға арналған «ZEIN» ақпараттық – танымдық жобасы)
- Бекеева Айнагүл Тлебалдықызы
- (Жергілікті жерде жылжымалы кинокөрсетілім «QALZHAT» жылжымалы кинотеатры жобасы)
- Тынышпаев Бахытжан Тлеукенұлы
- (Жастарды дамытуға және қолдауға арналған алаң «SEN» медиа жастар кеңістігі)
- «Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша
- Әлімжан Гүлдана Бекболатқызы
- (Қазақстандағы балаларға арналған ArtikMe смарт айнасының қазақ тіліндегі нұсқасын әзірлеу.
- Нұрлан Нұрсұлтан Нұрланұлы
- (Киберспорт түрін Қазақстанда дамыту, 16-25 жас аралығында жастардың қызығушылығын арттыру, әлемдік деңгейдегі жарыстарға шығару)
- «Бизнес» бағыты бойынша
- Нұрқұл Алуа Нариманқызы
- (Аутизммен ауыратын балаларга бейімделген дене шынықтыру кабинетін ұйымдастыру)
- Кеңгесбаев Бауыржан Асамбаевич
- (Клининг саласы (Перде-Жастық-Көрпеше-Кілем-Плед тазалау)
- Солтанова Гулнур Оразбайқызы
- (WHOOPIE PIE кондитерлік цехы. Табысты кондитерлік цехты құру және жүргізу)
- Дүйсен Арсен Сырымұлы
- (Қолжетімді,сапалы, жаңашыл, ең бастысы қазақ тіліндегі басқатырғыш пазлдар жасап шығару)
- Ғабиденұлы Ғазиз
(Көп қабатты тұрғын үйлердің қасында ораналасқан қоқыс салатын жәшіктің қасына қолдан жасалған нан қалдығын салатын жәшіктерді орналастыру және одан жем жасау).
«Заңғар» жастар сыйлығымен марапатталғандар:
- «Үздік жас мемлекеттік қызметші» – Рақыш Темірлан Айдарұлы
- «Үздік жас дәрігер» – Жандаулет Жібек Маратқызы
- «Үздік жас ұстаз» – Дәулешяр Бақытәлі
- «Үздік жас спортшы» – Қасымхан Толғанай
- «Үздік жас журналист» – Шынтемір Әлібек Талғатұлы
- «Үздік жас кәсіпкер» – Терлікбаева Сандуғаш Жексембіқызы
- «Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы» – Тлеубай Мөлдір Серікқызы
- «Үздік жас отбасы» – Әзімовтар отбасы
- «Үздік жас өнерпаз» – Турдыжан Қуаныш Қабдылмуратулы
- «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының үздік көшбасшысы» – Зайдуллаева Арайлым
- «Үздік жас волонтер» – Оксана Ольхова
- «Жастар үкіметтік емес ұйымының үздік көшбасшысы» – Кеңесов Жомарт Хамитұлы
- «Үздік жас әдебиетші» – Бекмұхан Сырғалым Ержанқызы
- «Үздік жас әскери қызметші» – Лисбаев Байсеит Жанибекович
- «Ауыл шаруашылығының үздік жас маманы» – Жақатаева Алтынай Насыпкановна
Жеңімпаздарды Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Әбдірахым Нұрлан Ерғалиұлы марапаттады.