Share This Article
Алматыдан 275 шақырым жерде Қытайда жерасты дүмпулері тағы тіркелді. Бұл өткен түнде Қазақстан маңында болған алтыншы жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция деректеріне сілтеме жасап.
“Сейсмикалық станциялар желісі 25 қаңтарда Алматы уақыты бойынша 07:43-те жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 275 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан”, – делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,6. Магнитудасы MPV – 5,5. Тереңдігі – 15 шақырым.