Share This Article
Алматы гуманитарлы — экономикалық университетінде жұмыс берушілермен кездесу вебинары өтті, — деп хабарлайды barysmedia.kz тілшісі.
Түлектерді жұмысқа орналастыру – кез-келген университет үшін кезек күттірмейтін міндеттердің бірі. Осыған байланысты Алматы гуманитарлы — экономикалық университетінде тәжірибеге бағытталған білім беру үрдісі аясында студенттердің түрлі ұйымдар мен құрылымдардың басшыларымен, өкілдерімен кездесулер үнемі өткізіліп тұрады.
Кездесудің мақсаты — жұмыс берушілердің еңбек нарығында сұранысқа ие, білікті мамандарды дайындау және институттың көкейтесті мәселелері мен жоспарларын бірлесе шешіп, тәжірибеге бағытталған оқытуды кеңейту мақсатында жұмыс берушілермен бірлесе дуальды білім беру жүйесін дамыту. Іс-шараға Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша 25 мектеп директорлары қатысып, жылы лебіздерін білдірді. Вебинарды университетіміздің ректоры В.А.Корвяков ашып, спикер Мукушева Гулнар Кызайбаевна толықтырып өтті.
Кездесу барысында студенттер мамандық, еңбек шарттары, мансап мүмкіндіктері және жас мамандарға арналған қосымша мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат алды.
Мұндай іс-шаралар студенттерге жұмыс мазмұны, оның шарттары тұрғысында, болашақ жұмыс берушілердің ұсыныстары туралы ақпарат алуға, сондай-ақ болашақ мамандықтарының ерекшеліктері жайында білуге, жұмысқа орналасу мәселелерін шешуге сенімділік береді