Share This Article
Белгілі кәсіпкер Айбек Барыс қазіргі таңда басты назарын бизнесті дамытуға бағыттап отырғанын айтты. Оның сөзінше, Қазақстанда ірі жобаларды жүзеге асыруға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау инвестициялық ахуалдың тиімді екенін көрсетеді.
Басты басымдық – бизнес
берген сұхбатында кәсіпкер қазіргі уақытта саясаттан гөрі бизнеске көбірек көңіл бөлетінін айтты. Сөзінше, компания Қазақстанда бірнеше ірі жобаны жүзеге асырып жатыр.
«Иә, қазіргі басымдық – бизнес. Barys Dynamics үлкен холдингке айналды. Қазақстанда алты-жеті ірі жобамыз бар. Сонымен қатар Еуропада және Таяу Шығыста да жұмыс істеп жатырмыз», – деді Айбек Барыс.
«Қазақстандағы қолдау жоғары»
Кәсіпкердің айтуынша, компания үшін ең ауқымды жобалардың дәл Қазақстанда іске асырылып жатқанына мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау себеп.
«Неге ең үлкен жобаларымыз Қазақстанда? Өйткені мұнда қолдау жақсы. Үкімет те, мемлекет те қолдап отыр», – деді ол.
Сонымен қатар Айбек Барыс Қазақстандағы инвестициялық климатқа қатысты айтылатын сын-пікірлердің барлығымен келіспейтінін жеткізді.
«Кейде Қазақстанды Еуропамен немесе АҚШ-пен салыстырып, инвестициялық климат туралы түрлі пікір айтылады. Бірақ мен олардың кейбірімен келіспеймін. Себебі өзім шетелде де жұмыс істеп жүрмін, сондықтан салыстыруға негіз бар», – деді кәсіпкер.
Оның пікірінше, мемлекет тарапынан қолдау болған жағдайда бизнес те дамып, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік артады.
