Алматы маңында таңертең жер сілкінді , — деп хабарлайды barysmedia.com ТЖМ-ға сілтеме жасап.
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 9 желтоқсанда 08:24-те жер сілкінісін тіркеді.
«Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 742 км жерде орналасқан», — делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің есептік қарқындылығы Мақтаарал ауданы Атакент ауылы 2 балл болды.
Зардап шеккендер мен ғимараттардың қирағаны туралы мәлімет түспеген.
Автор
313

