Share This Article
Жаңаөзенде бірнеше спорттық және балаларға арналған ойын алаңы қолданысқа берілді, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
«Халық» қайырымдылық қорының демеушілігімен екі жыл ішінде қалада 60-тан аса спорттық ойын-сауық алаңдары мен футбол алаңдары салынған.
Жобаға жалпы құны 402 миллион теңге кеткен. Ойын алаңдары заманауи құрылғылармен жабдықталып, балалар үшін жағдайдың барлығы жасалған.
«2023 жылы Жаңаөзен қаласының әкімшілігінен әлеуметтік шешілмеген қандай сұрақтары барын сұрадық. Олар жұмыссыздық, ащы суды тазалайтын зауыт, балаларға арналған ойын алаңдары мен спорттық алаңдар қажеттігін баса айтты. Алаңдар салуды сол кезден ақ бастап кеттік»-, дейді «Халық» қайырымдылық қорының директоры Сағынбек Шункеев.
Сондай-ақ, осы қордың демеушілігімен 2025 жылға дейін үлкен спорттық дене шынықтыру-сауықтыру кешені салыну жоспарланып отыр. Аталмыш қор есебінен салынбақшы кешенге 1 млрд теңге бөлген.