Share This Article
Иран президенті Ибрагим Раиси мен Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан тікұшақ апатынан қаза тапты, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Mehr агенттігі апат болған орынның суретін де жариялаған. Иранның президентімен бірге болған барлық адам, оның ішінде СІМ басшысы Хосейн Амир Абдоллахиан тікұшақ апатынан қаза тапқан.
Тікұшақ бортында болғандар:
Ибрахим Раиси – Иран президенті.
Хусейн Амир Абдель-Лахян – сыртқы істер министрі.
Малек Рахмати – Шығыс Әзірбайжан провинциясының губернаторы.
Мұхаммед Әли әл-Хашими – Табриз провинциясының имамы.
Махди Мусави – бригадалық генерал.