Share This Article
Қазақстанда енді мопед көлік құралына жатқызылуы мүмкін, сондықтан азаматтарға оны тіркеу міндеттелуі мүмкін, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Мәжіліс «Жол жүрісі туралы» заңға және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске көлік құралдарының кейбір түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.
«Негізгі заңда шағын электрлі және көлік құралдарының кейбір түрлерінің қозғалысын бақылау ұсынылады. Бұл мопедтерді пайдалану мен қозғалыс ережелерін реттеуге көмектеседі. Осыған байланысты қозғалтқыш көлемі 50 текше сантиметрден төмен мопедтер автокөлік құралына жатқызылады. Оларды тіркеп, мемлекеттік нөмір алу қажет», – деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, заң жобаларын пысықтау кезінде елге әкелінген мопед көптігі ескерілген. Жаппай дүрбелеңге жол бермеу үшін оларды тіркеудің жаңа талаптары заңға қол қойылған соң, 6 айдан кейін күшіне енуі мүмкін. Бұл уақыт мопедті заңдастыру үшін беріледі.