Share This Article
Қазақстанда теледидар мен радио уақытша өшіріледі, — деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
«Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
«Осыған байланысты, 2024 жылғы 15 мамыр сағат 03:00 мен 17:00 аралығында телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз», — делінген хабарламада.

