Share This Article
Тоқаев Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы келісімді ратификациялады, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
“Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды”, – деп хабарлады Ақорда.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Мемлекет басшысы тағы бір құжатқа қол қойды.
“Мемлекет басшысы “Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды”, – делінген Ақорданың хабарламасында.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.