Share This Article
Жылыой ауданында Жем өзені тасуынан бүлінген үйлерге бағалау жұмыстары басталды, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Мамандар казір сараптама жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінде тұрғындардың 2272 өтінім түскен.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы мәліметінше, Жылыой ауданындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
Су тасқыны басталғаннан бері Жылыойда жұқпалы аурулар ішек инфекциясы, вирустық гепатит, іш сүзегі, паратиф, аса қауіпті инфекция ретінде тіркелмеген.
“5 көппәтерлі тұрғын үйде, 25 кіреберісте, 5 аулада дезинфекция жүргізілді. 19 сәуірде әкімшілік ғимараттарда, мәдениет және спорт нысандарында, қаржы ұйымдарында, коммерциялық нысандарда және т.б. дезинфекциялық іс-шаралар өткізілді”, – деп жазылған жедел штаб хабарламасында.
21 сәуірде қосымша 127 үйде дезинфекция жасалған.