Share This Article
2024 жылғы 17 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырған операция шеңберінде Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жетісу облыстары және Шымкент қаласында 8 топты бейтараптандырды, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Олардың ортасында деструктив діни ағым жақтастары бар 23 адам ұсталды. 17 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал 6-сына қатысты келу туралы міндеттеме қолданылды.
Олар ауыр және аса ауыр қылмыстарға, соның ішінде терроризмді насихаттау, адамдарды ұрлау, қорқытып алу, сондай-ақ есірткі заттары мен ату қаруының заңсыз айналымына қатысы бар деп күдікке ілінген.
Жасалған құқыққа қарсы әрекеттерін бірқатар жағдайларда теріс бұрмаланған діни қағидалармен ақтап жүрген. 49 тінту барысында ату қаруы, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер, ақшалай қаражат және есірткілер алынды.
Операцияны өткізуге республиканың 8 өңірінде бірмезгілде 250 күштік құрылым қызметкерлері жұмылдырылды. Тергеп-тексеру іс-шаралары жалғасып жатыр.