Share This Article
Тасжолда қалған 197 қазақстандық құтқарылды, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты көптеген азамат республика жолдарында “қарлы тұтқында” қалды.
Түркістан облысының құтқарушылары жүргізілген жұмыстар барысында 156 адамды, оның ішінде 17 баланы құтқарды, сондай-ақ жеңіл автомобильдер мен жүк көліктерін шығаруға көмек көрсетті.
Жамбыл облысы ТЖД бөлімшелері Жуалы және Сарысу аудандарындағы автожолдардың жабық учаскелерінде автомобильдерден 41 адамды құтқарды, жолдың тазартылған учаскесіне 5 автомобиль сүйрелді.