Share This Article
Бас прокуратура қаржы пирамидасын құрғаны үшін тағы бір күдіктіні Испаниядан экстрадициялады, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.
“Бүгін ҚР Бас прокуратурасының және ІІМ-нің Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Испания Корольдігінен қаржы пирамидасының қызметіне байланысты трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысқаны үшін күдіктіні экстрадициялады.
Ол 2016-2017 жылдар аралығында заңсыз материалдық пайда көру мақсатында басқа елдердегі адамдар тобымен Questra Holding компаниясын құрды деген күдікке ілінген”, – делінген хабарламада.
Қылмыскерлер қаржы пирамидасын әртүрлі ел аумағында кедергісіз тарату мақсатында интернет желілерде салымшыларды көбірек тарту үшін компанияның ойдан шығарылған инвестициялық портфельдерін сату туралы ақпарат орналастырылған веб-сайттар ашқан.
“Бұл топ 800-ден аса азаматты алдап, 1 миллиард теңгеден астам шығын келтірген. Аталған факт бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, күдіктілер халықаралық іздестіруге жарияланған.
2022 жылдың желтоқсанында Бас прокуратураның экстрадициялық сұрауы бойынша іздеудегілердің бірі Испания аумағында ұсталды”.
Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалған.