Share This Article
2024 жылы Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері тағы өседі. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
“Кейбір субъектілер мен ТҮКШ түрлері бойынша тарифтердің орташа өсімі 10-15 пайыз болады. Оны шектеуге тырысамыз, әйтпесе өсім әлдеқайда көп болар еді. Тек инфляцияны ұстап тұру керек. Бұл (өсім – еск.) қызметтердің барлық түріне қатысты, өйткені инфрақұрылымның тозуы қызметтердің барлық түрінде бар мәселе. Яғни, құбырларға, желілерге, су құбырларына, кәріздерге”, – деді Қуантыров Үкіметте өткен брифингте.