Share This Article
Халықаралық террористік ұйымға қатысы бар деген 22 жастағы қазақстандық күдікті Ыстамбұлдан Алматыға депортацияланды, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҰҚК мәліметінше, Түркістан облысының тумасы 2020 жылы Сирияға кетіп, онда әрекеттегі қарулы топтардың біріне кірген. Оны ұстауды және отанына беруді ҰҚК түркиялық серіктестерімен бірлесіп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен ІІМ-нің қолдауымен ұйымдастырған.
Ұсталғанға қатысты ҰҚК Қылмыстық кодекстің 257-бабына сәйкес террористік әрекетке қатысу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеріп жатыр.
“Ол сот санкциясымен қамауға алынды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада