Share This Article
Атырау облысында Тимур Құлыбаевтың компаниясына 1,7 миллиард теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Атырау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Joint Technologies ЖШС-нен «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС үлесінің 50 пайызын сатып алу-сату шарты бойынша ерекше талаптарды бұзғаны үшін бюджетке 1,7 миллиард теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбы өндірілді.
«Сондай-ақ, бәсекелестікті қорғауды бұзғаны үшін «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС сот қаулысы бойынша, ӘҚБтК-нің 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 324 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұған дейін прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 5,7 миллиард теңгеге 50 пайыз үлес түріндегі мүлік мемлекетке қайтарылған болатын», – делінген хабарламада.