Share This Article
Алматыда Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алды деген күдікке ілініп, ұсталды, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Ол жергілікті кәсіпкерлерден 14 миллион теңге көлемінде пара алу бойынша күдікті. Сома мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға, орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюға және жалпы қамқорлыққа алуға жәрдемдесуге арналған.
“Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда”, – делінген Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.