Share This Article
Алматы прокуратурасы ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатының ұрланғанын анықтады, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Алматы прокуратурасы “Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм” Акционерлік қоғамын тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады.
“Алдын-ала мәлімет бойынша, фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды.
Соталды тергеп-тексеруді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр”, – делінген хабарламада.