Share This Article
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының мереке күндеріндегі жұмыс кестесін жариялады, — деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты 16 желтоқсанда ХҚКО мен Арнайы ХҚКО-лар жұмыс істемейтіні хабарланды.
«Бұл ретте 18 желтоқсанда, дүйсенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін азаматтарды тек кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары қабылдайды, сейсенбі — 19 желтоқсаннан бастап мемлекеттік корпорация әдеттегідей жұмыс істейді», — делінген хабарламада.
