Елімізде газбен жүретін көліктерге арнайы белгі қойылуға тиіс, заңға бағынбағандарға айыппұл салынады, — деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін газбен жүретін көліктерге арнайы белгі қойылуға тиіс. Егер талап орындалмаса, көлік иелеріне айыппұл салынады.
Оның мөлшері — 3 АЕК (11 076 теңге — еск.). 2024 жылы 1 АЕК — 3692 теңге болады.
Министрлік дерегінше, Қазақстанда газбен жүретін 380 мыңнан аса көлік бар.
Автор
391
