Share This Article
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Того Республикасының президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Қазақстанға ресми сапармен келеді, — деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27-28 қарашада Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Қазақстанға ресми сапармен келеді Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі», — делінген хабарламада.
Келіссөздер барысында екіжақты сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективалары, сондай-ақ Қазақстанның Африка құрлығындағы мемлекеттермен өзара ықпалдастық мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.

