Share This Article
Астанада және еліміздің өзге 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Синоптиктердің айтуынша, елордада тұман, тұман, көктайғақ болады. Желдің екпіні – секундына 15-20 метр.
Қаланың коммуналдық қызметтері толықтай күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр.
Алдымен орталық көшелерде, аялдамалар мен тротуарларда тазалау жұмысы жүргізіледі.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан жазатайым оқиғаларға тап болмас үшін сақтық ережелерін сақтауды сұрайды.