Share This Article
Алматы әкімі Ерболат Досаев жыл басынан бері қалада 5 920 оқушыға арналған 21 мектеп пен қосалқы нысандар, оның ішінде 3 450 орындық 16 жекеменшік мектеп, 1,5 мың орындық 1 мемлекеттік мектеп және 970 орындық 4 қосалқы нысан іске қосылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Бүгінгі таңда Алматыда 138 мың оқушы мен мектепке дейінгі ұйымдардағы 5,7 мың бала тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Алғаш рет 1 қыркүйектен бастап Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша 8 258 баланы қамтитын 30 мектепте «Мектеп автобусы» жобасы іске қосылды. Ол үшін 100 автобус сатып алынды. 2 инновациялық шығармашылық орталық, мектепке дейінгі және инклюзивті білім беру орталықтары ашылды.
Біліктілікті арттыру үшін курстардан 4 405 педагог, халықаралық тағылымдамадан – 360 педагог өтті. Жалпы, білім беруді қаржыландыру 2023 жылы 12 пайызға ұлғайып, 416 млрд. теңге болды, 2024 жылы 466 млрд. теңгеге дейін ұлғаяды.