Share This Article
Қазақстанда газ баллон жабдығы бар көлік иелерінен арнайы белгі орнату талап етілді. Өзгерістер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Қазақстанда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттарды жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жалғасып жатыр.
“Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының бұйрығы бойынша, КазСтандарт әзірлеген, “Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары. Қолдану ережелері” СТ 1412-2017 ұлттық стандартына толықтырулар енгізілді. Өзгерістер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Бұл стандарт міндетті болып табылады, өйткені ол Ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітілген Жол қозғалысы ережелерінде сілтеме ретінде көрсетілген”, – деп хабарлады ҚазСтандарт баспасөз қызметі.